• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

Ақсу қаласында Қазақстан халықтарының Бірлігі Күні аталып өтті

Ақсу қаласында Қазақстан халықтарының Бірлігі Күнін мерекелеуге мектеп мұғалімдері мен оқушылары, балабақшалар мен қосымша білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымдары белсене қатысты.

Олар Жағалау алаңында ұлттық-мәдени бірлестіктермен бірлесіп келген қонақтарды салт-дәстүрімен, халықтық шығармашылықпен таныстырды және өздерінің ұлттық тағамдарын ұсынды. Сонымен қатар педагогтар балаларға спорттық ойын - сауық ойындарын ұйымдастырды. Қазақстан халықтарының бірлігі күні - бұл бейбітшілік, достық, еңбек мерекесі.

02-05-2019