• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

ҚР Қызыл Жарты ай Қоғамының Павлодар облыстық филиалы «ТЖ-ға дайындық және әрекет ету» бағдарламасы шеңберінде мектептердегі 8-11 сынып оқушылары мен педагогтеріне арналған семинар-практикум өткізді.

2018 жылғы 11 қыркүйекте Ақсу қаласының №8 орта мектебі базасында ҚР Қызыл Жарты ай Қоғамының Павлодар облыстық филиалы Павлодар облыстық ТЖД қолдауымен «ТЖ-ға дайындық және әрекет ету» бағдарламасы шеңберінде қалалық жалпы орта білім беру мектептеріндегі             8-11 сынып оқушылары мен педагогтеріне арналған семинар-практикум өткізді. Шараға қатысқандар: Г.М. Исаканова - Қызыл Жартыай Қоғамының Павлодар облыстық филиалының басшысы, Шакарова Б.К.; Д.М. Туртулова - Қызыл Жартыай Қоғамының Павлодар облыстық филиалының мамандары; И.А. Судейкин – Ақсу қаласы төтенше жағдайлар бойынша бас маман.

         Шақырылған қонақтар өз сөздерінде келесі мәселелерді қозғады: төтенше жағдайларға дайындық және әрекет ету: Өрттер, су тасқыны және төмен температура, Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл жарты ай қозғалыстарының қызметінің мини – презентациясы, дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету бойынша мастер-класс өткізілді.

         Бұл шараға 300-ден көп адам қатысты. Осындай көлемді семинар мемлекеттік органдармен бірлесіп, өңіріміздегі жалпы орта білім беретін мектептердегі оқушылардың қауіпсіздігін, әртүрлі төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету және мінез-құлықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

12-09-2018