Ақсу қаласы білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 2019 жылғы 6 қарашада Ақсу қаласы мен ауылдық өңірдің жалпы білім беру мектептерінің 7-11 сынып оқушылары арасында қалалық Мағжан оқулары өткізілді.

Ақсу қаласы білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 2019 жылғы 6 қарашада Ақсу қаласы мен ауылдық өңірдің жалпы білім беру мектептерінің   7-11 сынып оқушылары арасында қалалық Мағжан оқулары өткізілді. Қалалық Мағжан оқулары Ережеге сәйкес 3 бөлім бойынша өткізілді. Конкурсқа қала мен ауылдың 6 мектебінен 8 оқушы қатысты: әр бөлім бойынша мектептен 1 оқушы. Келесі мектептердің оқушылары: №1 ОМ, №2 ЖОББМ, Қ. Қамзин ат. ОМ,  Қызылжар ОМ, Жамбыл ОМ, Үштерек ОМ.
         Конкурстың қазылар алқасы мүшелерінің шешімі бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді.
«Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» бөлімі – Мағжан шығармаларын жатқа оқу конкурсы бойынша: 1-ші орын  Қызылжар ОМ 9-сынып оқушысы Бөжен Асем, 2-орын - Ақсу қаласы № 1 ОМ 8-сынып оқушысы Муликбердиева Жадыра. «Толқынмен толқын сырласып…» бөлімі – Мағжан Жұмабаевтың шығармалары бойынша зерттеу жұмыстары. 1-ші орын  Ақсу қаласы №2 ЖОББМ 8-сынып оқушысы Хасангалиева Ақбота, 2-орын - Қызылжар ОМ           8-сынып оқушысы Байханова Айзере. «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» бөлімі – жас дарындар конкурсы бойынша: 1-ші орын Қызылжар ОМ                    10-сынып оқушысы Мектепхан Сыдых, 2-орын - Жамбыл ОМ 9-сынып оқушысы Жанибекқызы Ляззат, 3-ші орын - Үштерек ОМ 7-сынып оқушысы Махсатхан Қымбат және Қ. Қамзин ат. ОМ 7-сынып оқушысы Қуандық Айсымбат.

08-11-2019