• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

Баянауылдың киелі жерлеріне сапар

Ағымдағы жылғы 19 маусымда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақсу өңірінің №2 орта мектебі мен Жамбыл ауылындағы мектеп жанындағы және бейіндік лагерьлерден 30 бала Баянауылдың қасиетті жерлеріне саяхат жасады. Олар атақты «Торайғыр» Сақ қорғандарына, «Кемпіртас» тас мазарларына, «Кемпіртас» тауының табиғат ғажайыптарына, «Торайғыр» көліне, қола дәуірінің жерлеу кешеніне, «Сәкен» тауы, «Ақбет», «Найзатас» тауларына және басқа да көрнекті жерлеріне барды. Табиғи нысандарға бару балалардың қызығушылығын тудырды.  Баянауылдың киелі географиясы өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу мен руханилықты дамыту үшін маңызды. � орта мектепте 20 маусымда «Жас толқын»     лагерінде  «Құмдауыт»    жобасы бойынша «Құмнан қала саламыз»    атты сайыс өтті. Құммен ойнау- көне   және сүйікті ойындардың бірі. Әлі күнге дейін бала да, үлкендер де осы ойынды қызыға ойнайды. Бұл тек қана ойын – сауық емес. Құммен ойнау арқылы баланың көз жанары, қимыл – қозғалысы дамиды. Жоба  бойынша баланың шығармашылығы да дамиды. Осы жобада балалар қызығушылығы өте жоғары .

21-06-2019