• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

«Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» Ұлттық акциясын өткізу бойынша баспасөз релизі

Жазғы демалыс қарсаңында жыл сайын 2019 жылғы 1-12 маусым аралығында «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны өткізіледі. Биылғы жылы бұл науқан «Еңбектен еркін балалық шақ» ұранымен өтетін болады.

Науқанның негізгі мақсаты ересек балалар мен олардың ата-аналарын қоса алғанда, қоғамның назарын балалар еңбегінің ең нашар түрлерін пайдаланудың алдын алу мәселелеріне аудару, сондай-ақ осы саладағы құқықтық ақпараттандыру болып табылады.

Осы науқан шеңберінде білім мекемелерімен келесі іс-шаралар өткізіледі:

- ақпараттық науқанды өткізу бойынша іс-шаралар жоспарын жасау;

- ақпараттық науқанды өткізу мониторингіне жауапты адамды бекіту;

- а.ж. 28-29 мамырда мақала шығару және осы акцияны өткізу туралы ақпараттық стендтер ресімдеу;

- ішкі істер қызметкерлерін, ата-аналар қоғамдастығын, үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Көше» рейдтік іс-шаралар өткізу;

- БАҚ және әлеуметтік желілерде мақалалар жариялау;

- дөңгелек үстелдер, конференциялар, семинарлар ұйымдастыру;

- тақырыптық көрмелер ұйымдастыру;

- әлеуметтік желілерде және ҚР БҒМ, БҚҚК сайтында Ұлттық ақпараттық науқанды өткізу туралы пікірлерді орналастыру.

24-05-2019