«Қауіпсіз мектеп автобусы» Республикалық акциясы өткізілді

2020 жылғы 15 қаңтар мен 15 ақпан аралығында Ақсу өңірінің білім беру ұйымдарында «Қауіпсіз мектеп автобусы» ұранымен республикалық «Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясы өтті.  

Бұл акцияның мақсаты оқушыларды оқу орындарына тасымалдауды ұйымдастыру кезінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар балаларды автобуспен тасымалдау кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу болды. 

Осы акция аясында мектептерде келесі іс-шаралар өткізілді: мектеп автобустарының жағдайы және балаларды тасымалдауға арналған жүргізуші құжаттарының толық болуы; автобус жүргізушілерімен «Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол қозғалысы ережелерінің бұзылуына жол бермеу» тақырыбында нұсқама, сонымен қатар балаларды отырғызу және жарықтандыру кезінде дабылды қолдану; «Қауіпсіз автобус», «Қауіпсіздікті сақтау» тақырыптары бойынша сынып сағаттар, викториналар және сурет байқауы; тасымалдау кезінде адамдар мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін үнпарақтар мен брошюралар тарату.

14-02-2020