• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

Айнакөл ауылының орта мектебі «Атамекен» жанындағы лагерінің жұмысы

«Атамекен» лагері 2 ауысымының бірінші күніндегі ашылуы «Бір шаңырақтың астында» атты мерекелік бағдарлама бойынша өтті. Мұнда түрлі интеллектуалдық және қозғалмалы ойындар өткізілді. Соңында «Репка» ертегісінің қойылымы ұйымдастырылды. Түстен кейін «Ауысым бойынша маршруттың картасын табу» квест – ойыны өткізілді.

         Екінші күн «Ата-баба мұрасына қайта оралу» деп аталды. Таңертең балалар лагерьдегі тәртіп ережелерімен таныстырылды. Содан кейін таза ауадағы ойындар және «Ата-бабалар мұрасы» атты викторина ұйымдастырылды.

         Үшінші күн «Менің Отаным Қазақстан» тақырыбында өтті. Таңғы астан кейін дене шынықтыру мұғалімімен спорт сағаты өтті. Одан соң тәрбиешілер «Менің Қазақстаным» атты танымдық ойынын өткізді. Ал күндізгі ұйқыдан соң «Өз еліміз туралы не білеміз?» атты викторинасы өткізілді.

         «Түрік әлемінің бесігі» атты төртінші күніндегі басты іс шара «Менің Отаным Қазақстан» тарихи жерлері бойынша сырттай саяхат болды.  Күндізгі ұйқы мен бесін асынан кейін балалар таза ауадағы ойындарға қатысты.

         Бесінші күн – ұлттық ойындар күні. Таңертең ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Одан соң «Алдар Көсе» қазақ ертегісін сахналауы тамашаланды. Күндізгі ұйқы мен бесін асынан кейін тәрбиешілер мектеп жанындағы және бейімдік лагерьлерінің балалары үшін қозғалмалы ойындар өткізді.

02-07-2019