• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

«Sport FEST Kazakhstan» республикалық мектеп спартакиадасының аймақтық іріктеу турнирі

    Білім беру басқармасы «Самұрық Қазына Траст» әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бас серіктестік жанындағы коммуникативтік бастамалар және стратегиялар қорымен бірлесіп 2018 жылғы 13-14 қаңтарда «Sport FEST Kazakhstan» республикалық мектеп олимпиадасының аймақтық іріктеу турнирін ұйымдастырды.
    Іс-шара «Samruk-KazynaTrust» қорының «Менің Елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасын іске асыру шеңңберінде өткізілді. Бағдарлама мақсаты балалар мен жастар арасында салауатты өмір салтын дамыту, көшбасшы дағдыларын дамыту болып табылады. 
    Спартакиада орта мектептің 8-10 сынып оқушылары арасында спорттың 6 түрі бойынша өтеді: шахмат, тоғызқұмалақ, баскетбол (қыздар), футзал (ер балалар), үстел теннисі және әскери-қолданбалы спорт. Жарыстарға облыстың барлық аудандары мен қалаларынан 200-ден астам жас спортшы қатысты.

 Жарыстар қорытындылары бойынша жеңімпаздар анықталды:

Тоғызқұмақ (ер балалар)

1-орын - Нурсултан Сулейменов, Ақсу қаласының № 2 ЖОМ оқушысы;

Тоғызқұмақ (қыз балалар)

2-орын – Айдана Баяхмет, Ақсу қаласының № 2 ЖОМ оқушысы;

Үстел теннисі (ер балалар)

1-орын – Сабыржан Андосов, Ақсу қаласының № 2 ЖОМ оқушысы;
Үстел теннисі (қыз балалар)

1 место - Аймира Баканова, Ақсу қаласының № 2 ЖОМ оқушысы;

Баскетбол
3-орын – Ақсу қаласының командасы.

Турнир жеңімпаздары медаль, дипломдармен және құнды сыйлықтармен марапатталды. Бірінші орын иегерлері Щучинск қаласының «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өтетін республикалық «SportFESTKazakhstan» спартакиадасына қатысады. 

16-01-2018