• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

2018 жылдың 3-10 желтоқсан аралығында Ақсу қаласы және ауылдық мектептерде барлық 3-11 сыныптарға арналған «Қазақстан-2018 кодының сағаты» акциясы өткізілді.

2018 жылдың 3-10 желтоқсан аралығында Ақсу қаласы және ауылдық мектептерде барлық 3-11 сыныптарға арналған «Қазақстан-2018 кодының сағаты» акциясы өткізілді. 3-4 сыныптарда сынып жетекшілер, ал 5-11 сыныптар аралығында информатика пәнінің мұғалімдері алдын ала акцияны өткізу материалдарымен танысып, сабақтарды өз мәнінде өткізді.

Оқушылар өз жастарына сай деңгейлерді таңдап, программалаудың бастапқы қадамдарын пайдалана отырып, алдына қойған тапсырмаларды өз күштеріне қарай орындады. Барлық қатысқан оқушылардың 80%-ы 1сағатқа арналған 14 турдың барлығын орындап, сертификатқа ие болды. Тапсырмалар қызықты болғандықтан, көптеген үлгермеген оқушылар үйлерінде компьютерде жалғастыруды сұрады. Тапсырмалар орындау барысында оқушылар логикалық ойлау, ситуациядан шығу дағдыларын қолдана отырып, алгоритмдеуде қызығушылықтарын арттырды деп толық айтуға болады. Акция 4800 оқушыны қамтыды.

13-12-2018