Құрметті педагогтер, мерекелеріңізбен!!!

Ұстаз — келер күннің ұстасы. Балалардың қалыптасып келе жатқан дүниетанымының, өмірге деген көзқарасының иесі. Біздердің бүгінгі болмысымыз әліппені жаттатқызып, қолға қалам ұстатқан кешегі ұстаздарымыздың еңбегі. Ендеше, ұрпағымыздың ертең қандай адам болып өсетіні — мұғалімдердің бүгінгі еңбегінің жемісі болмақ. Құрметті ұстаздар! Ақсу қаласы білім бөлімінің атынан Сіздерді мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Жұмыстарыңыздағы қарсы алатын балалар  өздерімен тек мейейрімділік пен қуаныш алып келсін. Әр оқушы өз ұстазын әрдайым ізгілікпен еске алуын тілеміз. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Мерекелеріңізбен! Мерейлеріңіз үстем болсын!

04-10-2019