• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылығық педагогикасы

МКҚК №18 бөбектер бақшасы бойынша ақпанның 4-нен 14-і аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылығық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік өтті. Онкүндік аясында «Мейірімділік – асыл қасиет» сурет көрмесі ата-аналардың қатысуымен, «Әрқашанда біргеміз» атты психологиялық тренингті балабақша психологы А.Рустемханова педагогтармен өткізді, «Мен «Өзін-өзі тану» пәнін сүйемін» атты сұхбатты тәжірибелі тәрбиеші Ж.Омышева, «Қақпақ жинап-өмір қорғаймыз» «Собирай крышки-спасай жизни» атты қайымдылық науқанға ата-аналар мен балалар, педагогтар қатысып Ақсу қаласының «Клуб Добряков» атты клубының волонтерлеріне табыстадық, «Көңілімізді көтерейік» арттерапия түрлері атты шараны логопед А.Дандыбаева, «Дорогою добра» әңгіме, пікір-талас даярлық тобының тәрбиеленушілермен орыс тілі мұғалімі Д.Булешова, «Мейірімділік әлемінде» сахналық көріністі жас мамандар іске асырды, «Балалармен бірге ойнаймыз» атты шараны тәрбиешілер ата-аналармен бірлесе өткізді. Онкүндік қорытындысы шымылдығын жапқан «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудағы инновациялық көзқарас» қалалық семинармен аяқталды. «Достық неден басталады» даярлық «Жұлдыздар» тобы Рустемханова А.С, іс - шара «Қонақ келсе қуаныш»  (Ата – аналардың қатысуымен) ересек «Балдәурен» тобы Копежанова Н.О, Магзумова М.З,  «Адам бойындағы асыл қасиеттер» практикалық бөлім Омышева Ж.Т "Өзін-өзі тану" адамгершілік - рухани білім беру бағдарламасын жүзеге асыру барысында тәжірибе бөлісті. Семинарға қала, аул шағын орталық тәрбиешілері, Ақсу қаласының Дарынды балаларға арналған мамандырылған гимназия мектебінің психологы Шаймарданова Н.Т, Ақсу ҚББ әдіскері Абдрахманова З.Г қатысты. 

14-02-2019