• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

«Bilim jane Gylym» тамыз конференциясының психологтармен секциялық отырысы

2019 жылғы 14 тамызда №4 ОМ базасында Ақсу өңірі мектептерінің психологтарына арналған «Білім беру ортасының психологиялық қауіпсіздігі тұлғаның психологиялық денсаулығының шарты» тақырыбында секциялық тамыз конференциясы өтті.

Конференция жұмысына Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің психология кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Кульшарипова Зару Касымовна қатысты.

Сөз сөйлеуші психологтардың әрқайсысы (Гагарина ОМ, Үштерек ОМ, Айнакөл ОМ, №4 ОМ, №8 ОМ) өз баяндамасының соңында практикалық тренингтер өткізді: "Ұжымдағы достық", "Тозақтағы мұнаралар", "Бинго" және т.б.

Конференцияға қатысушылар көп пайдалы ақпарат алып, алдағы оқу жылына шабыттанды.

 

Ақсу қаласы білім бөлімінің тәрбие секторының әдіскері

Шлей Салтанат Қанатқызы

23-08-2019