Мемлекеттік рәміздер бойынша семинар

14 қазанда Ақсу қаласының орта мектеп базасында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау және ұлттық стандарттарды қолдану бойынша жұмыс» тақырыбында семинар өтті. Семинарға білім беру ұйымдарының өкілдері: директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, мектеп кітапханашылары, әдіскерлер мен педагогтар қатысты. Мемлекеттік рәміздерді насихаттау ұлттық орталығының атқарушы директоры Хамза Р. осы тақырып бойынша ақпарат берді. Кездесудің қорытындысы бойынша қатысушыларға алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды.

16-10-2019