• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

Ағымдағы жылдың 25 мамырында Ақсу қаласы мен ауылдық өңірінің оқушылары үшін соңғы қоңырау соғылды

Ағымдағы жылдың 25 мамырында Ақсу қаласы мен ауылдық өңірінің оқушылары үшін соңғы қоңырау соғылды. Бұл күні алғыс сөздер айтылып, мұғалімдерге гүлдер сыйланып, түлектер мектеп ұжымына арнап концерттер әзірлеп өткізді.

         Қала әкімі Б. Ыбыраев №1 орта мектебінде өткен салтанатты жиынға қатысты. Ол балалар мен ата-аналарды оқу жылының аяқталуымен құттықтады. 

         Биылғы жылы өңір бойынша 277 түлек мектеп бітіріп жатса, соның ішінде «Алтын белгі» белгісіне үміткерлер саны 14 оқушы,  үздік аттестатқа үміткерлер саны - 9 оқушыны құрады.

         Мектептегі жарқын күндері артта қалып, алда жаңа өмір кезеңі ашылады, жаңа мүмкіндіктер мен көкжиектер пайда болады. Емтихан кезеңі келеді. Біз барлық оқушыларға табыс пен сәттілік тілейміз!

28-05-2019