• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

Наурыз мерекесі күні дәстүрлі түрде Сәбит Дөнентаев атындағы алаңда білім бөлімінің киіз үйі өз есігін айқара ашты

Наурыз мерекесі күні дәстүрлі түрде Сәбит Дөнентаев атындағы алаңда білім бөлімінің киіз үйі өз есігін айқара ашты. Мереке қонақтары үшін №1, №2, №7, №8 орта мектеп ұжымдары және Балалар өнер мектебі концерттік бағдарламасын ортаға салды, тұсау кесу, тілашар, қонақты қарсы алу ұлттық салт-дәстүрлері өткізілді. «Шаңырақ» жобасы аясында Ақсу өңірінің мектептері алаңда киіз үй қалашығын тұрғызды. Киіз үйдің ерекше дизайны, олардың әсем безендірілуі барлық жиналған қала тұрғындарының қызығушылығын тудырды.

26-03-2019