• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

Мұғалімнің шығармашылығы – оқушы табысының кепілі

Ақсу қаласы білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы және қалалық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің бастамасы бойынша 2018 жылғы 31 қаңтарда «Ақсу қаласының мектеп-лицейі» КММ базасында өңіріміздің жас мамандары үшін «Заманауи сабақтың белсенді формалары мен әдістері» тақырыбында қалалық оқыту семинар өтті.

Құттықтау сөзбен Ақсу қаласы білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Жауаш Күткенқызы Рустем және мектеп-лицейдің директоры Нурикамал Қабиқызы Жедоуова іс-шараның алдында қатусышыларға өз тілектерін білдірді.

Жас мұғалімдердің кәсіпкерлігін арттыру, педагогикалық тәжірибесін жақсарту бойынша консультативтік-әдістемелік көмек көрсету үшін лицей педагогтарының шығармашылық тобы заманауи сабақтың тиімді формалары, әдістері мен стратегияларын пайдалана отырып, ашық сабақтар панорамасын көрсетті. Шақырылған қонақтар сабақтар саналуан, маңызды болғанын атап айтты, оқушылар оқу үшін ашық болғанын, жаңа білім алу үшін қолайлы жағдайда мұғалімдермен сабақта жеңіл ынтымақтастықта болатынын  көрсетті.   

Жас әріптестерге «Сыни тұрғысынан ойлау стратегиясын оқыту үшін қолдану» тақырыбындағы коучинг ерекше әсер етті. Осы коучингта олар сыни тұрғысынан ойлау стратегиясымен және оны қолдану әдісімен танысты, сондай-ақ өздері де шығармашылықпен осы стратегиялар бойынша ұсынылған барлық тапсырмаларды орындады. 

Семинардың соңында жоғары санатты орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ирина Леонидовна Коломеец жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Семинар қонақтары мұғалімнің жұмысын жоғары бағалап, осы жұмыстың түрі біліктілікті арттырудың тиімді тәсілінің бірі болып табылатынын айтты.  

Семинар ұйымдастырушылары үшін өткізілген іс-шара туралы жас әріптестердің пікірін тыңдау өте маңызды болды. Олар өз кезегінде іс жүзінде семинар өткізгені үшін үлкен алғыстарын білдірді, өйткені олар оқытудың жаңа көзқарастарымен танысып, белсенді қатысушы ретінде болды. Жас педагогтардың ерекше тілегі басқа мектептердің әріптестерімен тәжірибе алмасу мақсатында үнемі ынтымақтастықта жұмыс атқару, сонымен қатар осындай семинарларды ауыл мектептерінің базасында өткізу болып табылады.  

07-02-2018