• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

Жақсылық жаса

2018 жылғы 10 қазанда «Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні» акциясы аясында Қ. Шүлембаев атындағы орта мектептің жасұландықтары Павлодар қаласының «Самал» оңалту орталығына барды.

         Бір адамға қамқорлық жасау адамды бақытты етеді, оған күш, денсаулық береді және өмірді ұзартады. Біздің мектеп те бей-жай қалмайды, балалар әр түрлі қайырымдылық акциялар мен концерттерге қуана қатысады, себебі балалардың күлкісі - ең үздік марапат. Жасұландықтар орталық тәрбиеленушілеріне «Жүректен жүрекке» бағдарламасы бойынша жақсы көңіл-күй және кітаптар мен ойыншықтар сыйлады.

Мектеп психологы А.К. Бастемирова орталық тәрбиеленушілері үшін ойын тренингтерін, рефликсия өткізді.

10-10-2018