«Улыбка и смех для всех!»

19 маусымда мектеп жанындағы орыс тіліндегі лагерьлерде «Улыбка и смех для всех!» конкурстық – ойын бағдарламасы өткізілді. Ойын-сауық шарасы пайдалы да қызықты өтті. Бұл жолы балаларға тақырыптың өзі айтып тұрғандай, көңілді және қызықты конкурстарда күш сынасуға тура келді. Командалар комедия жанрында актерлік шеберліктерін көрсетті. Тауықтың табаны сияқты табанмен жазу жазып, жастықтар шайқасында шайқасты. Өздерінің қандай епті, жылдам және зерек екендерін көрсетті. 25 ұпай айырмасымен №4 орта мектеп жанындағы лагерь командасы жеңіске жетті, 2-орында–№7 және №8 орта мектептердің командалары,                    17-ұпайдан және 3-орында мектеп - лицей командасы жеңіске жетті. Жеңімпаздар дипломдармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, көрермен залымен «Прилетели птицы» және «Это я, это я, это все мои друзья» жаппай ойындары өткізілді. Іс-шара балаларға ұнайтын мультфильм тамащалумен аяқталды. Іс-шарамен барлығы 153 бала қамтылды.

21-06-2019