• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

Ұлттық колориттегі оюлар

Бүгінгі таңда мәдени-рухани салаға тың серпіліс әкелген Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын негізге ала отырып, «Рухани жаңғыру» бағытында «Ақсу» балалар эко-техноорталығында «Қолданбалы өнердегі – жаңашыл педагог - 2019» атты қалалық семинар өтті.

       Семинар тақырыбы: «Ұлттық нақыштағы ою-өрнектерді қолдану техникалары». Іс-шараның мақсаты: технология пән мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілері арасында өзара тәжірибе алмасу. Іс-шараға қалалық және ауылдық мектептер мен балабақшалардан барлығы 42 педагог қатысты.

Іс-шараны «Ақсу» балалар эко-техноорталығының қосымша білім беру педагогы Гусева И.В. «Ғажайып өрнек» атты презентациясымен бастады. Ал, «Ақсу» балалар эко-техноорталығының қосымша білім беру педагогы Рашат Аманжол өз бірлестігінің жұмыстарымен таныстырып, биылғы жартыжылдықтағы жетістіктерімен бөлісті. Сонымен қатар, бұл бірлестіктің оқушылары келген қонақтарға өз жұмыстарын көрсету мақсатында сән үлгілерін көрсетті.

Семинардың келесі кезеңі қосымша білім беру педагогы Рашат Аманжолдың «Фетр матасынан кеудеше тігу» атты шеберлік сабағымен жалғасын тапты. Қонақтар үш топқа бөлініп жұмыс жасай отыра жаңа техниканы меңгеріп, кеудешенің үш бөлігінің оюларын ойып, шеберлік сағат соңында кеудешені тұтастай етіп құрастырып тігіп шықты.

Келесі шеберлік сағатын  қосымша білім беру педагогы Гусева И.В өткізді. Бұл жолы педагогтарға сәукеле жасау жолы көрсетілді.

Осылайша педагогтар арасындағы тәжірибемен бөлісу мақсатындағы ұйымдастырылған семинар өз мақсатына жетті. Яғни әрбір келген педагог өзіндік білім қоржынын көптеген жаңалықтармен толтырып кетті. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

Бүгінгі таңда мәдени-рухани салаға тың серпіліс әкелген Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын негізге ала отырып, «Рухани жаңғыру» бағытында «Ақсу» балалар эко-техноорталығында «Қолданбалы өнердегі – жаңашыл педагог - 2019» атты қалалық семинар өтті.

       Семинар тақырыбы: «Ұлттық нақыштағы ою-өрнектерді қолдану техникалары». Іс-шараның мақсаты: технология пән мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілері арасында өзара тәжірибе алмасу. Іс-шараға қалалық және ауылдық мектептер мен балабақшалардан барлығы 42 педагог қатысты.

Іс-шараны «Ақсу» балалар эко-техноорталығының қосымша білім беру педагогы Гусева И.В. «Ғажайып өрнек» атты презентациясымен бастады. Ал, «Ақсу» балалар эко-техноорталығының қосымша білім беру педагогы Рашат Аманжол өз бірлестігінің жұмыстарымен таныстырып, биылғы жартыжылдықтағы жетістіктерімен бөлісті. Сонымен қатар, бұл бірлестіктің оқушылары келген қонақтарға өз жұмыстарын көрсету мақсатында сән үлгілерін көрсетті.

Семинардың келесі кезеңі қосымша білім беру педагогы Рашат Аманжолдың «Фетр матасынан кеудеше тігу» атты шеберлік сабағымен жалғасын тапты. Қонақтар үш топқа бөлініп жұмыс жасай отыра жаңа техниканы меңгеріп, кеудешенің үш бөлігінің оюларын ойып, шеберлік сағат соңында кеудешені тұтастай етіп құрастырып тігіп шықты.

Келесі шеберлік сағатын  қосымша білім беру педагогы Гусева И.В өткізді. Бұл жолы педагогтарға сәукеле жасау жолы көрсетілді.

Осылайша педагогтар арасындағы тәжірибемен бөлісу мақсатындағы ұйымдастырылған семинар өз мақсатына жетті. Яғни әрбір келген педагог өзіндік білім қоржынын көптеген жаңалықтармен толтырып кетті. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді

20-02-2019