• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

24 желтоқсан «Ақсу» балалар эко-техноорталығында жаңа жыл мейрамына арналған «Жаңа жылдық шыршалар жаңған кезде!» атты сахналық қойылым қойылды

Жаңа жыл ең жақсы мерекелердің бірі.  Оны барлық адамзат сағына күтеді.  24 желтоқсан «Ақсу» балалар эко-техноорталығында жаңа жыл мейрамына арналған  «Жаңа жылдық шыршалар жаңған кезде!» атты сахналық қойылым қойылды. 

         Жаңа жылдық қойылымға орталығымыздың оқушылары әртүрлі костюм киіп, жақсы көңіл- күймен келді. Өте көп ертегі кейіпкерлері болды. Атап айтатын болсақ:  Аяз ата, Ақшақар,  мыстаң кемпір,  жылқы мен мысық т.б  көптеген кейіпкерлер  оқушыларды таң қалдырды.  Сонымен қатар қызықты доппен ойындар ойнатылды.  Қойылым соңында балалар аяз атаға арнап өлең шумақтарын айтты.  Оқушылардың барлығына  тәтті кәмпиттер таратылды.   Шара сонында оқушылар ертегі кейіпкерлерімен фотоға түсіп, жақсы көңіл-күймен қайтты.  Жалпы жаңа жылдық қойылымға 1700-ге жуық оқушылар мен  200-ге жуық ата-ана қатысты.

         Қыс мезгілі ең керемет мерекелерінің бірі  Жаңа  жыл!

25-12-2018