• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

«Ақсу» балалар эко-техноорталығында «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватымен бірге «Парктер шеруі - 2019» өтті

        Бүгін «Ақсу» балалар эко-техноорталығы МКҚК аумағында «Парктер шеруі - 2019»  табиғатты қорғау акциясы өтті, оның мақсаты - ерекше қорғалатын аумақтар проблемаларына жұртшылықтың назарын аудару, оларға нақты практикалық көмек көрсету, адамдардың санасында табиғатқа ұқыпты қарау сезімін ояту.

         Мұндай акцияны өткізу өзекті, себебі мемлекеттік ұлттық табиғи паркте бірегей табиғи кешендер, тарих және мәдениет ескерткіштері, Павлодар облысының фауна мен флорасының сирек, жойылып бара жатқан және аса құнды түрлері қорғауға алынды.

        Орман отырғызу күні 100– ден астам адамның қатысуымен есте қалды, онда әкімнің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Б.М. Қаппасов, «Ақсу» балалар эко-техноорталығы МКҚК қызметкерлері мен тәрбиеленушілері, ұлттық табиғи парк қызметкерлері, Шалдай мектеп орманшылығының оқушылары болды. «Ертіс орманы» МОТР РММ Баянауыл МҰТП аллеясына 50 қарағай көшеті отырғызылды. Мемлекеттік ұлттық табиғи парк қызметкерлері біздің орталықтың тәрбиеленушілеріне «Баянауыл сыры»  кітабын, «Ертіс орманы» логотипі бар қаламдар, Павлодар өңірінің көрікті табиғаты бейнеленген блокноттар түрінде естелік сыйлықтар табыс етті. Барлығы риза болды, одан әрі ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды үміт етті.

20-05-2019