• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

Ақсу қаласының «Балапан» бөбектер бақшасында, балабақша бүлдіршіндері мен ата-аналар арасында «Екі жұлдыз» байқауы өтті.

2019 жылдың 24 қаңтар айында  «Екі жұлдыз» байқауы өткізілді. Байқауға балабақшаның  3 жастан – 6 жас аралығындағы бүлдіршіндер ата-аналарымен қатысты. «Екі жұлдыз» байқауының қатысушылары  өзін- өзі таныстыру, ән орындау , жұлдыздарға пародия жасау , музыкалық жарыс   кезеңдері бойынша өнерлерін көрсетті. Әділқазылар алқасы ата-аналар комитетінің мүшелерінен құралды. Байқау ережесі бойынша қатысушылар бас жүлде, І орын, ІІ орын, ІІІ орын иеленіп, номинациялармен шағын сыйлықтармен марапатталды.

28-01-2019