• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

Балалар шығармашылық үйінде балалар шығармашылығы мен шеберлігінің «Бес минуттық атақ» атты қалалық байқауы өткізілді

Балалар шығармашылық үйінде балалар шығармашылығы мен шеберлігінің «Бес минуттық атақ» атты қалалық байқауы өткен болатын.

Қараша айының 16-ы күні өткен іріктеу кезеңінде қала мен ауыл өңірінің мектетерінен 35 қатысушы қатысты. Мұнда, бүлдіршіндер ән айтып, биледі, өлең жолдарын да мәнерлеп  оқыды. Бірақ, гала концертке түгел номерлер өткен жоқ. Әділ-қазылар алқасы, байқаудың барлық шарттары сақталғанын қадағалады. Ол үшін артистизм, номердің ерекшелігіне, шеберлікке аса назар аударылды. Осылайша, ең үздік деген 12 номер гала концертке өтті.

Қараша айының 23 күні Гала концертте «ыстық» болды. Қатысушылардың әр қайсысы еңбектенгені, өз номеріне үлкен жауапкершілікпен қарап, бар фантазиясын салғаны байқалды. Байқаудың ең үздігін көрермендер таңдағандықтан, қатысушылар олардың ойынан шығуға тырысты.

Байқаудың жеңімпазы болып №2 жалпы орта білім беру мектебінің 6 сынып оқушысы Болат Рысбек атанды, 1 орынды Ю.Гагарин атындағы орта мектептің 3 сынып оқушысы Карнет Кристина, 2 орынды – Айнакөл орта мектебінің 6 сынып оқушысы Мұрат Сұтанбек иеленді. Қатысушылардың әр қайсысына бес минуттық атақпен қоса, дипломдар мен кубоктар табысталды. Құттықтаймыз!!!

27-11-2018