• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

Балалар шығармашылық үйінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығына арналған «Равнение на память» атты үгіт бригадаларының байқауы өтті.

Балалар шығармашылық үйінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығына арналған «Равнение на память» атты үгіт бригадаларының байқауы өтті.  Іс-шараға қала және ауыл өңірі мектептерінің 6-9-сынып оқушылары қатысты.  Балалар әскери ән айтып, би биледі, өлеңдер оқыды және әр түрлі сахналық қойылым қойды. Әр команда соғыс туралы өз көзқарасын ғана емес, ең алдымен, Ұлы Отан соғысының батырларын еске алуға тырысты.

         Ең қызықты баяндамаларды Үштерек ауылының орта мектебі (3-орын), Б. Момышұлы атындағы орта мектебі (2-орын) ұсынды, ал Спутник станциясының негізгі мектебінің үгіт бригадасы үздік деп танылды (1-орын). Жеңімпаздар командалар грамоталармен және кубоктармен марапатталды.  

         Үш үгіт бригадасы № 1 орта мектебі, №2 орта мектебі және № 8 орта мектебінің командалары қатысқаны үшін дипломдармен марапатталды.

24-04-2019