• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Тәннің асыл қырлары» атты II Республикалық Н.Ә.Назарбаевтың шығармашылық ән байқауынан Ақсу қаласының Балалар шығармашылық үйінің "Мерей" вокалдық ансамблі жеңімпаз атанып, I дәре

     Қараша айының 24 мен  26 күндері аралығында  Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Тәннің асыл қырлары» атты  II Республикалық Н.Ә.Назарбаевтың шығармашылық ән байқауынан Ақсу қаласының Балалар шығармашылық үйінің  "Мерей" вокалдық ансамблі жеңімпаз атанып, I дәрежелі дипломен марапатталды, және де, ақшалай сыйлық 150 мың теңге табысталды.

      Жоба негізінде Н.Ә.Назарбаевтың ән шығармашылығын, сонымен қатар мемлекет басшысының ұнататын әндерін зерттеу және насихаттау. «Тәннің асыл қырлары» байқауы  ҚР Тұңғыш Президенті қорымен, М.Утемисова атындағы Оқушылар сарайымен бірлескен ҚР Тұңғыш Президентінің кітапхансымен ұйымдастырылды.  Биылғы жылы еліміздің барлық аймақтарынан 150 өтініш білдірілді. Оның ішінде, біздің Ақсу қаласының Балалар шығармашылық үйінің «Мерей» вокалдық ансамблі жетекшісі Карсенова Жанна Мейрамовна.   Нәтижесінде, финалға біздің мерейліктермен қоса, қырық екі қатысушы өтті. Байқау үш номинация бойынша өткен болатын: 1-"Бабамнан қалған кең дала", 2-"Президентіміздің сүйікті әндерінің толқынында" және 3-"Қасиетті домбыра". 

Әділ-қазылар алқасына өз таланттарын 12 мен 17 жас аралығындағы жас дарындылар көрсетті. Бұл байқаудың жоғары деңгейі туралы қазылар алқасының құрамы айтып отыр. Олар:

-         Кеңес Одағының және Қазақстандық композитор, ҚР Еңбегі сіңген өнер қайраткері -Кеңес Дүйсекеев

-         ҚР Еңбегі сіңген қайраткері, әнші, ақын – импровизатор -Арда Балажанова

-         ҚР Тұңғыш Президенті мұражайының директорының орынбасары - Ботакөз Қайыпова.

-         Қобызшы музыкант,  2013 ж. «Шабыт» Халықаралық фестивалінің ашылу рәсімінің қатысушысы - Олжас Құрманбек.

-         Поп-әртіс, әнші,  Superstar KZ байқауының қатысушысы - Айкын Сетеков.

      Байқау соңында, «Бабамнан қалған кең дала» номинациясында біздің  "Мерейліктер" жеңімпаз атанып, I дәрежелі дипломен марапатталды, және де, ақшалай сыйлық 150 мың теңге табысталды.

30-11-2018