• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

Ақсу қаласында Ұстаздар мерекесі аталып өтті

Мұғалімдер күні бүгін, күні ұстаздың шаттанған,

Шәкіртіне дем бергізген, жеткізеді деп баққа арман.

Ұстаздардың күні бүгін, бар тілегі өмірде,

Сол шәкірттің өрге жүзген еңбегімен ақталған.

Ұстаздар күні - тамаша мерекелердің бірі, оқытушыларды қуантудың ең жақсы себебі, оларға көптеген жағымды эмоциялар беру. Бұл педагогтер үшін ерекше ынталандыру, өйткені адам оны қалай бағалайтынын, өз оқушыларына қалай қымбат екенін көріп, екі есе күшпен жұмыс істегісі келеді!

2018 жылғы 3 қазанда қалалық мәдениет үйінде мерекелік және достық атмосфера орнады. Мұнда педагогикалық еңбек ардагерлері, мұғалімдердің отбасылық әулеттері, Ақсу өңірінің педагогикалық ұжымдары жиналды. Мұнда педагогикалық еңбек ардагерлері, мұғалімдердің отбасылық әулеттері, Ақсу өңірінің педагогикалық ұжымдары жиналды. Фойеде қонақтар назарына педагогикалық ұжымдардан және мектеп оқушыларынан Ұстаздар күнімен құттықтаулар орналастырылған «Тілектер кітабы» атты импровизацияланған баннер орнатылды. Ақсу қаласы әкімінің жаңадан тағайындалған әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Балтабай Маданиұлы Қаппасов та өз тілегін жазды.

Іс-шараның салтанатты бөлімінде дәстүр бойынша педагогикалық еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Қала және ауылдық өңір мұғалімдері Ақсу қаласы әкімінің Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ең үздік педагогтер өздерінің еңбегі және өскелең ұрпақты дамытуға қосқан үлесі үшін келесі номинацияларда марапатталды: «Шығармашылық. Шеберлік. Мамандық.» - Қожамжарова Әлия Бекболатқызы (№24 бөбектер бақшасы директоры); «Жаңашыл шебер» - Әлиева Бақтыгүл Сейдәзімқызы (№2 жалпы орта білім беру мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары); «Балаларға жүрегін сыйлаған» - Мағзұмова Мәншүк Зарлыққызы (№18 сәбилер бөбектер бақшасының тәрбиешісі); «Мамандыққа адалдық» - Ирина Владимировна Чумакина (№16 бөбектер бақшасының директоры, оның педагогикалық өтілі 44 жылды құрайды); «Мұғалім: мамандық, таңдау, тағдыр» - Ивашиндердің отбасылық әулеті, жалпы еңбек өтілі 156 жыл).

Әр түрлі шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өткен тамаша концерт педагогтарға үлкен қуаныш сыйлады. Вокалдық номерлер, би және қойылымдар, музыкалық композициялар, мектеп тақырыбына хореографиялық суреттемелер – осының барлығы көрермендердің қошеметіне ие болды.

05-10-2018