• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

«Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында үш тілде оқытуды енгізу және жаңашыл технологияларын пайдалану» тақырыбында КМҚК «Балапан» бөбектер бақшасында облыстық семинар өтті.

Ақсу қаласының «Балапан» бөбектер бақшасында ақпан айының 27 күні облыстық семинар өтті. Семинар «Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында үш тілде оқытуды енгізу және жаңашыл технологияларын пайдалану»  тақырыбында педагогтар өз тәжірибесімен бөлісті. Семинарға Павлодар облысының білім беруді дамытудың инновациялық орталығының мектепке дейінгі білім беру әдіскері Бағыдат Серікқызы Барамбаева, Қалалық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Айдарова Мағрипа Оралқызы, сонымен қатар, балабақша және шағын орталықтардың тәрбиешілері, ағылшын тілінің мұғалімдері, дене шынықтыру нұсқаушылары қатысты.

Семинарды балабақша басшысы Амина Уахитқызы Сартова ашып, қонақтарға балабақша туралы қысқаша мағлұмат беріп, әдіскер Лайля Амангелдықызы Аскарова «Мектепке дейінгі ұйымдарда жаңашыл тәсілдерді қолдану» тақырыбында баяндама оқып, әдіс – тәсілдерді атап өтті. Семинарға қатысқан дене шынықтыру нұсқаушылары Әсемгүл Ержанқызы Қоянбаеваның «Дені саудың – жаны сау»  тақырыбында өткізілген сабағына қатысып, дене шынықтыру сабағында «Степ» технологиясын пайдаланудың әдісімен танысты. Ал, ағылшын тілі мұғалімдері және тәрбиешілер Гүлбану Дарғанбекқызы Бегимованың «Математика әлемінде» Кюизенер таяқшаларын және математика сабағында үш тілді қолданудың тәсілін көрсетті.  Сонымен қатар, бейнелеу пәні мұғалімі Бибігүл Кайрулқызы Темиркенова бейнелеу сабағында дәстүрден тыс қолданатын әдіс – тәсілдер арқылы тәжірибесімен бөлісті. Іс – тәжірибеде қатысушылармен жіп графикасы, түрлі түсті тұзбен жапсыру, балауызбен сурет салу  арқылы жұмыстар жүргізілді. Қонақтарға «Алдар Көсе ертегілер әлемінде» қиял ғажайып үш тілдік музыкалық – драмалық ертегісінен қойылым көрсетіліп, қойылымда ертегі кейіпкерлері үш тілді қолданып, қонақтарға ертегі әлемінің таң ғажайып сырларын көрсете білді. Семинарда балабақша психологы Қарлығаш Қазалиқызы Рахимбаева  қонақтармен «Көңіл күй» тренингін өткізді. Қорытынды сөзді Павлодар облысының білім беруді дамытудың инновациялық орталығының мектепке дейінгі білім беру әдіскері Бағыдат Серікқызы Барамбаева сөйледі. Семинар қонақтары өткізілген іс – шараның жоғары деңгейде өткенін және балабақша ұжымына алғыстары мен рахметтерін айтып, көтеріңкі көңіл күймен тарады.

28-02-2019