Павлодар қаласында өткен облыстық 9-11 сынып оқушылары арасында 15 пән бойынша олимпиадада 6 оқушы жеңімпаз атанды

Қабілетті балаларды анықтау және дамыту оқушылардың ғылыми деген қызығушылығын арттыру мақсатында облыста жыл сайын негізгі пәндер бойынша олимпиада өткізеді.

2020 жылдың 5-6 қаңтар аралығында Павлодар қаласының № 16 мектеп-лицейінің базасында 9-11 сынып оқушылары арасында 15 пән бойынша 58-ші облыстық олимпиада өтті.

Биылғы жылы олимпиадаға Ақсу қаласы мен ауылдық аймақтан 33 оқушы қатысып, 6 оқушы жеңімпаз атанды.

Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен №2 орта мектептің 9-сынып оқушысы Кенжебаева Адина ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 9-сынып оқушысы Таубен Әсел және  Ұзақбай Нұрай №2 орта мектебінің 11-сынып оқушысы ІІІ дәрежелі диаломмен марапатталды.

№2 орта мектептің 11-сынып оқушысы Касенова Алияға орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 3-дәрежелі дипломен табысталды.

3-дәрежелі диплом ағылшын пәнінен мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы Арынова Далилаға берілді.

10-01-2020