22 тамызда «Bilim j'ane G'ylym» тамыз конференциясы шеңберінде № 2 орта мектепте Ақсу қаласы мен ауылдық өңірдің сынып жетекшілеріне арналған секция өтті

22 тамызда «Bilim jane Gylym» тамыз конференциясы шеңберінде № 2 орта мектепте Ақсу қаласы мен ауылдық өңірдің сынып жетекшілеріне арналған секция өтті. Мұғалімдер сабақтан тыс қызметте оқушыларды тәрбиелеу және әлеуметтендіру мәселелерін, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында сынып жетекшісінің рөлін талқылады; жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Педагогтар арасында шеберлік-сыныптары, тренингтер өткізілді.  Қонақтардың назарына № 2 орта мектеп педагогтары «Ата-аналар-бала тәрбиесіндегі айна» атты шеберлік-сынып көрсетті. Секция қорытындысы бойынша барлығына «Сынып жетекшісіне көмек» атты әдістемелік буклеттер берілді.

23-08-2019