• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

2019 жылғы 4 ақпан күні Қ. Шүлембаев атындағы орта мектебінде, сынып жетекшілердің апталығының қарсаныңда, патриоттық бағытта 7 «А» және 8 «А» сынып оқушыларының арасында «Тарсия» ойыны өткізілді.

     2019 жылғы 4 ақпан күні Қ. Шүлембаев атындағы орта мектебінде, сынып жетекшілердің апталығының қарсаныңда, патриоттық бағытта 7 «А» және 8 «А» сынып оқушыларының арасында «Тарсия» ойыны өткізілді. Кітапханашы Омарова Гулия Мубараковна және сынып жетекшілері Арынтаева Лазат Жумашевна мен Айтмагамбетова Бақыт Жумабаевнаның жетекшілігімен ойының шарттары мен ережелері құрастырылды.  Ойының басты мақсаты: оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу. Елімізде өскелең ұрпақтардың Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту және одан әрі арттыру. Жас ұрпақты Отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

       Ойын бірнеше кезеннең тұрды. Оқушылар белсене қатысып, әр сынып өз топтарын таныстырып, қорғады. Оқушылар ойының пазылдарын жинақтап, Ақсу қаласының тарихы, топонимикасы, географиясы, архитектурасы туралы, сұрақтардың  жауаптарын тауып қызығушылығымен орындады. Оқушылар ойынның барысында өз туған өлке туралы танымдық білімдерін жинақтап, қорытындылады.

       Ойынның қорытындысы бойынша 7 «А» сынып топтары жеңімпаз болып анықталып, сыйлықтармен мақтау қағазбен марапатталды.

05-02-2019