• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Қанаш Қамзиннің туғанына 100 жыл толуына орай Жолқұдық ауылында ҰОС ардагері еске алуға арналған іс-шаралар өткізілді

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Қанаш Қамзиннің туғанына 100 жыл толуына орай Жолқұдық ауылында ҰОС ардагері  еске алуға арналған іс-шаралар өткізілді.

Осы іс-шараларға Ақсу қаласының әкімі Ибраев Балғабай Жұмағұлұлы , Қанаш Қамзина жиені Жұмаділдинов Бақытжан Адильбекұлы, Ақсу қаласының және Жолқұдық ауылының құрметті азаматтары, білім беру саласының қызметкерлері, Қанаш Қамзин атындағы мектептің оқушылары қатысты.

 Конференция қонақтары , мектеп оқушылары Қанаш Қамзинді еске алуға арналған салтанатты митингте қатысып,  ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Бұдан әрі митингтің қонақтары мен қатысушылары "Елімізді батыры Қанаш Қамзин"атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырылды.

Ғылыми-практикалық конференция жұмысы барысында ПМУ-дың филология ғылымдарының кандидаты Зейнулина Айман Файзуллақызы "Ерлікке барар жол" атты баяндамасымен; тарих ғылымдарының кандидаты, ПГПУ доценті Күзембаев Нұркен Ерболұлы "Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеудегі ерліктің маңызы" атты баяндамасымен, иновациялық Еуразия университетінің тарих ғылымдарының кандидаты Рахматула Болат Шияпұлы "Қазақстандық батырлар: Қанаш Қамзин" атты баяндамасымен, ПМУ-дың "Рухани жанғыру" институты директорының орынбасары Билл Тамара Юрьевна "Рухани жанғыру" атты баяндамасымен және қазақстандық патриотизмді дамыту

Ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысының соңында құрметті қонақтар Қанаш Қамзин атындағы аллея отырғызуға шақырылды.

16-04-2019