• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

Ақсу қаласының №4 орта мектебінде «Үш тілділік - жаңартылған білімнің негізгі компоненті» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

Үш тілде білім беруді жүзеге асыру маңызды

міндет болып табылады, бірақ ол белгілі уақытты,

тиімді әрекеттерді, тыңғылықты еңбекті талап етеді.

Бұл міндет тек қоғамның барлық мүшелерінің

күшімен бірге шешілуі мүмкін.

 

2018 жылғы  24 желтоқсанда Ақсу қаласының №4 орта мектебінде «Үш тілдік - жаңартылған білімнің негізгі компоненті» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.  Семинарға Ақсу өңірінің мектептерінен 36 пән мұғалімі, сондай-ақ «Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының» өкілдері,орталық басшысы Сәуле Шаимовна Слямова және әдіскер Клара Токанқызы Әлімова, және Ақсу қаласының әдістемелік кабинеті қатысты.

Осы іс-шараның басты мақсаты: орыс тілінде оқытылатын мектепте жаратылыстану бағытындағы пәндерін ағылшын тілінде, Қазақстан тарихын қазақ тілінде оқытуды еңгізу бойынша тәжірибе алмасу. Семинар барысында жоғары әдістемелік деңгейдегі бес ашық сабақ өткізілді. Мұғалімдердің алдына жаңартылған мазмұндағы жаңа мақсаттар мен міндеттер қойылған .

Іс-шараның қонақтары №4 мектептің мұғалімдеріне құзыретті-бағдарлы көзқарас танытты, жаңа білім беру тұжырымдамасын терең түсінді.

Семинар мұғалімдер тарапынан жоғары бағаланды, себебі мұғалім жаңартылған  МЖМБС (мем­ле­кеттік жал­пыға міндетті білім бе­ру стан­дарты)-ның орта білімінің әдістемесі мен мазмұнын қабылдауға дайындықты, білім беру үдерісінде бағдарламалық және әдістемелік қамтамасыз етуді, педагогикалық қызметтің мақсаттары мен әдістерін өзгертуге деген қажеттілігін тудырады.

26-12-2018