• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

Достық ауылының мектебінде мұражай ашылды

2017 жылдың 15 желтоқсанында Евгеньевка селолық округі Достық ОМ-де «Оқу-тәрбие үрдісі арқылы мектепте патриоттық тәрбие берудің жолдары» атты аймақтық семинар өткізілді. Семинарға  көрші мектептерден 22 адам келді. Семинар барысында 4 ашық сабақ көрсетілді: ағылшын тілі     6 және 8 сыныптарда, өзін өзі тану 4 сынып және 6 сыныпта қазақ тілі сабағы. Келесі сабақта «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Бағдарламаның негізгі іс-шарасы мектеп музейінің ашылуы болды. Бағдарламаның шешуші кезеңінде «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуальды ойыны ұйымдастырылды. Семинар соңында барлық жоспарланған іс-шараларды қонақтармен бірге талқылады.

25-12-2017