Ақсу қаласы №8 орта мектебі түлектерінің кездесу кеші

Мектеп жылдары тез өте шықты, мектеп өмірі бізден алыстай берді... Бірақ, мектеп қабырғасындағы түлектердің кешінде кездесіп, өткен уақытты еске алу үшін жүрекке жақын жандар қалды. Түлектердің кездесу кеші - еске алу кеші ғана емес, бұл, ең алдымен, жақсы көңіл-күй, тікелей қарым-қатынас пен бұрыннан таныс адамдар арасында демалу кеші.

         Ақпанның алғашқы сенбісінде біздің мектепте түлектердің кездесуіне арналған шара өткізілді. Бұл кездесуге 1990, 2000, 2005, 2010 және 2015 жылдары мектеп бітірген мерейтойлық түлектер шақырылды. Сахнада жылы және мерекелік атмосфера орнады. Сценарийде көзделген сәттер мерекеге оптимизм мен көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Әр жылғы түлектер сахнаға шығып өздерінің естеліктерімен бөлісті, ұстаздарына алғыстарын айтты.

         «Балалық шаққа оралуға мүмкіндік бергені үшін туған мектебімізге деген алғысымыз шексіз! Әрқайсымызға сеніп, өз жүректерінің жылуын сыйлап, біліммен сусындатқан Ұстаздарға мың алғыс! Осы кешті еске ала отыра, мектептегі келесі кездесуімізді асыға күтетін боламыз! Біз өзіміздің осы мектептің түлектері екенімізге мақтанамыз, есте ұстаймыз, жақсы көреміз».

06-02-2020