Ақынның ұлы мұрасы

Ақсу қаласы Үштерек ауылының орта мектебінде қалалық кәсіподақ білім беру қызыметкерлерінің жас педагогтарының қатысуыменҰлы ақын, ағартушы, философ, композитор Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына «Абай мұрасы жастардың жүрегінде» атты семинар-практикумы өтті.

Семинардың мақсаты жастардың қазақ  ұлттық  құндылықтарын дәріптеп, Абайдың мол мұрасына үңілуге мүмкіндік беру.

Қалалық кәсіподақтың жастар кеңесі, Үштерек орта мектебінің жас педагогтары қатысты. Семинарды жастар Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқуменбастады

Қатысушылар топқа бөлініп, Абай шығармашылығына байланысты түрлі тақырыпта тренинг өткізді. «Атамекен » ансамблі, мектебіміздің жас мамандары мен оқушылары Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндерін хормен орындап,  өлеңдерін ерекше тебіреніспен оқыды.

Ақсу қаласы Нұр Отан партиясының филиалынан челленджді зор құрметпен қабылдап,  Үштерек орта мектебінің жас педагогтары  келген қонақтарға жолдады.

Семинар соңында қонақтар «Абай мұрасы жастардың жүрегінде» атты оқушылар мен мұғалімдер ұжымының қатысуымен өткен семинар-практикумына ой пікірлерін айтып, алғыстарын білдірді.

05-11-2019