• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

Ақсу қаласы №8 орта мектебіндегі «Көңілді демалыс»

Қазіргі уақытта балалардың жазғы мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы өзекті болып отыр. Көпбейінді лагерь оқушылардың жазғы демалысын денсаулықтарын нығайту, дене күштерін дамыту, білім мен жаңа әсермен байыту үшін пайдалануға көмектеседі.

№8 орта мектептің базасында 1 маусымнан бастап «Көңілді каникул» көпсалалы лагері ашылды. Лагерь құрылымына бірнеше бөлімше кіреді.

1-5-сынып оқушылары үшін «Ғажайыптар елі» мектеп жанындағы лагері ұйымдастырылды, онда оқушылармен қызықты іс-шаралар өткізілді. Күн сайын лагерде белгілі бір бағыт болды. Мысалы, «Шытырман оқиғалар күні», онда балалар тәрбиешілермен бірге үндістердің киімдерін киіп, «Үндістер лагерде» немесе «Галактика күні» қызықты ойынын ойнады, онда балалармен «Ғарыштық шайқастар» өткізілді.

«Жас дарын» бейіндік лагері 5-11-сынып оқушыларымен әртүрлі орталықтар бойынша жұмыс істеді: «Бесінші сынып оқушысы» орталығы бастауыш буыннан жоғарғы буынға ауысатын балаларды бейімдеумен айналысуға арналған. Олармен қызықты түрде сабақтар, сонымен қатар болашақ мұғалімдермен танысу жүргізілді. «Жазғы тілдік мектеп» орталығы жоғары сынып оқушылары үшін қазақ және ағылшын тілдері бойынша сабақтар өткізді: диалогтар құрастырылды, шай ішу, тілдік білімді қолдану арқылы экскурсиялар ұйымдастырылды. «Жоғарғы сынып» орталығы 10-11-сынып оқушыларымен ҰБТ тапсыруға дайындық бойынша жұмыс істеді.

«Junior» спорттық-патриоттық орталығы туристік сапарларға барған 6-сыныптың ұлдарымен қызықты жұмыс жүргізді, кәсіби бағдар беру мақсатында ҚІІБ Өрт сөндіру бөлімі мен бөлімшесіне барды, сонымен қатар олармен мектептің спорт алаңында командалық ойындар ұйымдастырылды.

«Муравей» еңбек орталығы мектеп жанындағы учаскеде, АБЭТО-да және қаланы көгалдандыру бойынша еңбек жасақтарында жұмыстар ұйымдастыру арқылы оқушыларды еңбекке тәрбиелеуге бағытталған.

Бірінші маусымның барлық кезеңінде лагерьдегі атмосфера жағымды болды, жұмыс жақсы ойластырылған және қызықты, педагогтар мен тәрбиешілер жан-жақты жұмыс істеді. Бұны балалардың лагерьге қуана келгенінен көруге болады. Балалардың қатысуы әрқашан жүз пайыз болды.

Ауысым бойы балалар ойындарға, викториналарға, конкурстарға қатысты, таза ауада көп уақыттарын өткізді. Қалалық ойындық іс-шараларға қатысып, алғашқы жүлделі орындарға ие болды.

Ата-аналар атынан №8 орта мектептің 1-маусымының барлық педагогикалық құрамына алғыс білдіреміз.

02-07-2019