Ақсу қаласы және ауылдық өңір мектептерінде «Шаңырақ» қауымдастығын енгізу»

Ақсу қаласының білім бөлімі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Шаңырақ» қауымдастығының жүйесін енгізу бойынша 26 мектептің директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен семинар өткізді.

Облыстық шығармашылық топқа кіретін Жамбыл орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Зейнелхабдыл Асқар және №1 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Әсемгүл Арғынқызы Сәрсембаева ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қоғамның мақсаттары мен міндеттеріне, мектеп қауымдастықтарын құрудың құрылымы мен ұйымдастыру кезеңдеріне егжей-тегжейлі тоқталды.

23-01-2020