Ата-аналар назарына!

Қазақстанда COVID-19 коронавирусының таралуына қарсы шаралар қолданылды:

13 наурыздан бастап барлық қоғамдық шараларға тыйым салынады.

Наурыз мерекесі өткізілмейді. Ешкім тар шеңберде тойлауға тыйым салмайды, бірақ бұқаралық мерекелер өткізілмейді.

Оқушылар 16 наурыздан 5 сәуірге дейін демалысқа шығады.

16 наурыздан бастап барлық жоғары оқу орындары онлайн-оқытуға көшеді.

Сауда орталықтарындағы кинотеатрлар жабылады. Бірақ сауда орталықтары бұрынғы режимде жұмыс істейді.

 Елдегі спорттық матчтар  көрерменсіз өтеді.

 Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов «Қазақстанда коронавирустық инфекциялар жағдайлары тіркелген жоқ» деп сендірді.

12-03-2020