• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

«Жас сарбаз» әскери-спорттық лагері

Ақсу қаласы Евгеньевка селолық округі Үштерек ауылының орта мектебінде 8 тамыз күні  «Жас сарбаз » әскери-спорттық лагерінің жабылу салтанаты өтті. Әскери-спорттық лагерьді ерліктің, ержүректіліктің, патриотизмнің, шығармашылық пен шыдамдылық мектебі деп атайды. Лагерь басталғалы оқушылар түрлі сынақтардан өтіп, мергендер, велосипедшілер, құтқарушылар, жүйріктер, ұлттық ойындар, шекара жасақшылары, аспалы көпір, алғашқы медициналық көмек сынды іс-шараларға қатысып мол тәжірибе жинақтаған болатын. Бұл жарысқа қатысушылар денелерін шынықтырып қана қоймай, ой-өрістерін кеңейтіп, патриоттық рухта тәрбие алды. Оқушылар әрбір күнгі жаттығулар мен іс-шаралардан алған білімдері мен машықтарын бүгінгі қорытынды жарыста көрсете білді. Жарыс нәтижесінде 5 ұпай айырмашылығымен «Болашақ» командасы ауыспалы кубокты жеңіп алып, қойындары қуанышқа толды.

Бүгінгі күн өте қызықты және тартысты өтіп, табиғат аясындағы ас мәзірімен аяқталды.

19-08-2019