• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

Ұлттық ойынды ұлықтайық

 «Ұлттық ойынды ұлықтайық» ұранымен рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ұлттық ойынды насихаттау және дамыту Ақсу өңірі мен қалалық  мектептерінде 2018 жылдың 10 ақпан күні «Алтын сақа»  атты асық атудан аймақтық сайыс өткізілді. Жалпы ойын қатысушылардың саны 1097 оқушы.

         Аймақтық жарыс нәтижесі бойынша I орынға ие болған:  №4 ОМ, Жамбыл ОМ, Береке ОМ,  Айнаколь ОМ. II орынға: Кабылбеков ОМ, Үштерек ОМ, Қалқаман ОМ, Лицей-мектебі. Еңбек ОМ, Достық ОМ, Сарышығанақ ОМ мен  Камзин ОМ және  №1 ОМ  мен  №2 ОМ  III орындарға  ие болды. Сонымен қатар «Құралайды көзге атқан» номинациясында №4 ОМ оқушысы Папов Родион марапатталды. «Үздік сақа иіруші» №7 ОМ оқушысы Бакиров Арыстан дәріптелді. «Үздік мерген» номинациясына Дөнентаев ОМ оқушысы Темиргалиева Аружан марапатталды.

12-02-2018