• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

«Үздік Ұлан-2019» -Қыранбасшы

    Жас қырандарға, болашақ ұрпақтың ізбасарлары ретінде қызығушылық пен назар аудару мақсатында 9 облыстық құрылтайда «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына жаңа буынды енгізу туралы шешім қабылданды.  2019 жылдың 19 сәуірінде «Үздік Ұлан-2019» қалалық байқауы өтті. Осы жылы байқауға 6 мектептің (Береке ОМ, Айнаколь ОМ, №7 ОМ, Донентаев ОМ, Гагарин ОМ, Еңбек ОМ) кіші буын балалары қатысты, олар өз портфолиосын, бейне презентациясын ұсынды және әрқайсысы авторлық жобаны қорғады. Бірінші орынды № 7 орта мектебінің жасқыраншылары Агиза Жангозина және Алина Ерланова, екінші орынды Гагарин атындағы орта мектебінің оқушысы Диляра Гросс, үшінші орынды Дөнентаев атындағы орта мектебінің оқушысы Гүлфаз Қожанова бөлісті. Жас қырандарға грамоталар мен сыйлықтар табыс етілді.

23-04-2019