• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

Адам денсаулығы-баға жетпес сый

Өз денсаулығыңды сақтау және оны нығайтуды, біз, мектепте және үйде бала кезден бастап үйренеміз. Біздің мемлекет азаматтардың денсаулығына үлкен қамқорлық көрсетуде.

2018 жылғы 28 қыркүйекте «Бір әлем, бір үй, бір жүрек» Ұлттық бағдарламаны іске асыру аясында Ақсу қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 7-8 сынып оқушылары арасында «Салауатты өмір салтын қолдау орталығы» ЖШС-нің ұйымдастыруымен «Сау жүрек» тақырыбындағы облыстық эссе конкурсының қорытындысы шығарылды.

Сайысқа қатысу үшін келесі талаптарға сай болу қажет болды: салауатты өмір салтын, дене белсенділігін, дұрыс тамақтануды насихаттау. Қазылар алқасы мүшелерінің назарын аударатын критерийлердің бірі баяндаудың бірегейлігі болды.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды №2 ЖОМ 7-сынып оқушысы Бакибаева Айжан, 2-орынды Ю. Гагарин атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Матвеева Милана, 3 орынды мектеп – лицейінің 8-сынып оқушысы Карпеева Маргарита иеленді.

Барлық қатысушыларға грамоталар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

28-09-2018