• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

Мектеп және мектепке дейінгі білім беру секторы

“Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің
мектеп және мектепке дейінгі білім секторының
ережесі


1. Жалпы ережелері

1. Ақсу қаласы білім бөлімінің мектеп және мектепке дейінгі білім секторы (бұдан әрі – Сектор) қала бюджетінен қаржыландырылатын, заңнамамен қарастырылған бюджеттік жоспарлауды, экономикалық саясат саласындағы мемлекеттің басым бағыттарын Ақсу өңірінің аумағында іске асыруды құзырет шегінде жүзеге асыратын, Ақсу қаласы білім бөлімінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Сектор өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, актілерін және Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де құқықтық нормативтік актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Сектордың құрылымы, штаттық саны Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте Ақсу қаласының білім бөлімі бастығымен бекітіледі.


                         2. Сектордың негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері.

4. Міндеттері: бюджеттік бағдарламаланған әдістерін енгізуде жұмыс органы саласында қала бюджетін қалыптастыру үдерісінде қатысу.
Функциялары:
1) экономикалық негізделген кірістерді жоспарлау негізінде үш жылдық кезеңге арналған қала бюджетінің жобасын құрастыру;
2) қысқа мерзімді және ортамерзімдік болашаққа арналған қала бюджетінің кірістері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
3) ағымдағы қаржы жылына арналған қала бюджетін нақтылауға нормативті құқықтық актілерді әзірлеу;
5. Құқықтары мен міндеттері:
Оған жүктелген міндеттерді іске асыру үшін Сектор заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан және азаматтардан Сектордың құзыретіне қатысты мәселелер бойынша қажетті ақпараттарды сұрауға және алуға;
2) ғылыми мекеме өкілдерін, ұжымдарды, ғалымдар мен мамандарды қатысуға, соның ішінде семинарлар, конференциялар, “дөңгелек үстелдер” өткізу шақыруға;
3) мемлекеттік органдардың, мұрағаттардың, ғылыми ұйымдардың және кітапханалардың ақпараттық “мәліметтер банкін” пайдалануға;
4) Сектордың құзыретіне қатысты мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстарын өткізуге;
5) Сектордың міндеттері мен функцияларынан туындайтын сұрақтар мен мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеуге және “дөңгелек үстел” өткізуге;
6) нормативтік құқықтық және Сектордың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құқықтық актілердің жобасын әзірлеуге, оларды қала әкімдігінің және әкімнің қарауына ұсынуға құқылы.
Сектордың міндеттері:
1) қала аумағында және ауыл өңірінде қаржылық саясатты өткізу.
2) бюджеттік қатынастар саласында қаржы бөлімімен және басқа да тиісті органдармен өзара қатынастары.
3) жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжауды қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды әзірлеу.
4) Алдағы қаржы жылына және үш жылдық кезеңге арналған бюджет жобасының кіріс бөлігіне түсімдердің болжамдық көрсеткіштерін және қажетті материалдарды әзірлеу.
5) қолданыстағы кәсіпорындардан салықтық және басқа да міндетті төлемдердің және тұрғындардан салық төлемдерінің, сондай-ақ Ақсу қаласының нарықтарында тауарларды іске асырудан жинақтардың түсімдерін есептеу және бақылау жүргізу.
6) Тиісті қаржы жылына арналған мәслихат шешімінің жобасын, бюд жетті нақтылау және түзету бойынша жобаларды әзірлеу.
7) Жоғары тұрған органдардың құжаттарының, қала әкімінің, қала әкімі орынбасарларының шешімдерінің, өкімдерінің, тапсырмаларының, қарарларының орындалуын бақылау.
8) Жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштеріне жауап беру мерзімін қадағалауды бақылау.


                                                            3. Сектор қызметін ұйымдастыру

8. Сектор заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттерге ие.
9. Секторды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бөлім бастығымен тағайындалған және жұмыстан босатылған меңгеруші басқарады.
10. Меңгеруші Сектордың жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіндегі басшылықты жүзеге асырады, Секторға тапсырылған міндеттерді және олардың өз функцияларын жүзеге асыруды орындау үшін жауапты.
11. Осы мақсатта Сектор меңгерушісі:
1) Сектор қызметшілерінің өкілдері мен міндеттерін анықтау бойынша ұсыныстар енгізеді;
2) Сектор қызметшілеріне көтермелеу, материалдық көмек көрсету және тәртіптік жаза салу мәселелері бойынша белгіленген заңнама тәртібінде ұсыныстар енгізеді;
3) Сектор мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен қарым-қатынаста болады;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілетті жүзеге асырады.


Сектор меңгерушісі 

Алмагүл Асанқызы Ахметова

Бас маман

Баженова Алия Галеловна

Бас маман

Айгүл Жұмагелдіқызы Күдербаева

Әдіскер

Зайра Ғалымханқызы Абдрахманова

Жұмыс телефоны: 8/71837/33088, 50593

Электрондық пошта: aksu_gorono@mail.ru