• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

Тәрбие жұмысы және баланың құқығын қорғау секторы

“Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің
тәрбие жұмысы және баланың құқығын қорғау секторының
ережесі

1. Жалпы ережелер

1. Ақсу қаласы білім бөлімінің тәрбие жұмысы және баланың құқығын қорғау сектор (бұдан әрі – Сектор) қала бюджетінен қаржыландырылатын, заңнамамен қарастырылған балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мәселесі бойынша жұмыстын ұйымдастыруына бақылауды құзырет шегінде жүзеге асыратын, Ақсу қаласы білім бөлімінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Сектор өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, актілерін және Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де құқықтық нормативтік актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Сектордың құрылымы, штаттық саны Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте Ақсу қаласының білім бөлімі басшысымен бекітіледі.
4. Сектор меңгерушіден және үш бас маманнан тұрады.

2. Сектордың негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері.

5. Міндеттері:
2.1. Оқушыларды казақстандық отансүйгіштік және интернационализм, азаматтылық сезім, адамгершілік, Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілік, мемелекеттік рәміздерге деген ұұрмет, ұлттық салт-дәстүрлерді қастерлеу, адамгершілік негіздерін және салауатты өмір салтын қалыптастыру негізінде тәрбиелеудің тиімді түрлерін енгізу;
2.2. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуге бағытталған қолданыстағы бағдароламаларды іске асырудың бақылауын жүзеге асыру;
2.3. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру, құқықтары мен мүдделерін қорғау, олардың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарын қорғау. Балаларды отбасыларға орналастыру түрлерін дамыту (қамқоршылық, қорғаншылық, патронат, асырап алу).
2.4. Өңірдің білім беру мекемелерінде баланың құқығын қорғау бойынша жұмысты ұйымдастыруына бақылауды жүзеге асыру.

Функциялары:
1) балалар қылмыстылығының мониторингін жүзеге асыру;
2) балалар мне жасөспірімдердің бос уақытын, жастар саясатын, этникааралық және конфессияаралық келісімді, балалар қозғалысы мен жастар ұйымдарын ұйымдастыру;
3) қала және ауылдың шағын аудандары бойынша баланың құқығы және балалар құқықтарын қорғаудың сақтауына бақылауды жүзеге асрыу;
4) кәмелетке толмағандардың мүдделерін сот және басқа да органдарда қорғау;
6. Құқықтары мен міндеттері:
Оған жүктелген міндеттерді іске асыру үшін Сектор заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан және азаматтардан Сектордың құзыретіне қатысты мәселелер бойынша қажетті ақпараттарды сұрауға және алуға;
2) ғылыми мекеме өкілдерін, ұжымдарды, ғалымдар мен мамандарды қатысуға, соның ішінде семинарлар, конференциялар, “дөңгелек үстелдер” өткізу шақыруға;
3) мемлекеттік органдардың, мұрағаттардың, ғылыми ұйымдардың және кітапханалардың ақпараттық “мәліметтер банкін” пайдалануға;
4) Сектордың құзыретіне қатысты мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстарын өткізуге;
5) Сектордың міндеттері мен функцияларынан туындайтын сұрақтар мен мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеуге және “дөңгелек үстел” өткізуге;
6) нормативтік құқықтық және Сектордың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құқықтық актілердің жобасын әзірлеуге, оларды қала әкімдігінің және әкімнің қарауына ұсынуға құқылы.
Сектордың міндеттері:
1) органдар және білім беру ұйымдарын діни экстремизм мәселелері, үкіметтік емес ұйымдармен қызметтестік бойынша жұмысты үйлестіру;
2) мектептен тыс мекемелерде балаларды түрлі секциялармен, үйірмелермен, клубтық қызметпен қамтуды үйлестіру және бақылауды жүзеге асыру және балалар мен жасөспірімдерді жазғы демалыспен, сауықтырумен және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру;
3) мектептен тыс ұйымдардың, қосымша білім беру мекемелердің жұмысын үйлестіру және бақылауды жүзеге асыру, білім беру ұйымдарында және қосымша білім беру мекемелерінде мемлекеттік мерекелердің, фестивальдардың, қараулардың және басқа да көпшілік іс-шаралардың өткізуін ұйымдастыру;
4) мемлекеттік мерекелерге арналған іс-шараларды ұйымдастыру және қатысуды жүзеге асыру, отансүйгіштік, интернационализм сезімдерін дамытатын нашақорлықты алдын алу және құқықбұзушылықпен күресуге ықпал ететін құқықтық және саяси мәдениетті, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға жәрдемдесетін іс-шараларды дайындау және өткізу,
5) құқықтық тәрбие, оқушылар арасында құқықбұзушылық пен қылмыстылықты алдын алу бойынша, қолайсыз отбасылармен жұмыс.
6) кәмелетке толмағандарға зейнетақылық төлемдерді, дивиденттерді, акцияларды, мүрагерлікті өндіріп алуға және шетелге шығуға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету;
7) патронаттық отбасыға әлеуметтік көмек және бақылауды, әдістемелік көмек ұйымдастыру;
8) мектептердің кәмелетке толмаған жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жеке және мүліктік құқықтарын қорғау бойынша жұмысын ұйымдастыруына бақылауды жүзеге асыру және көмек көрсету;
9) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың есебін және орналастыруын жүргізеді, қамқорлыққа алынғандардың тәрбиесі мен оқытуына, қамқоршылар мен қорғаншылардың міндеттерінің орындалуына, мүліктің сақталуына бақылау;
10) мүгедек балалардың, мүмкіндіктері шектеулі балалардың деректер банкін жүргізу, олардың отбасындағы өмірі сүру және тәрбие жағдайларына бақылау;
11) ата-ана құқықтарынан айыру, ата-ана құқықтарынан шектеу бойынша, ата-аналарды шектеулі түрде қабілеті жоқтығын мойындау бойынша қажетті құжаттарды өкілетті органдарға ұсыну, ата-ана құқықтарынан айырусыз баланы тартып алу бойынша материалдарды дайындау.
12) баланы асырап алу бойынша материалдарды дайындау, асырап алушыларға кандидаттардың іріктеуін жүзеге асыру, олардың есебін жүргізу.

3. Сектор қызметін ұйымдастыру

8. Сектор заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттерге ие.
9. Секторды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бөлім басшысымен тағайындалған және жұмыстан босатылған меңгеруші басқарады.
10. Меңгеруші Сектордың жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіндегі басшылықты жүзеге асырады, Секторға тапсырылған міндеттерді және олардың өз функцияларын жүзеге асыруды орындау үшін жауапты.
11. Осы мақсатта Сектор меңгерушісі:
1) Сектор қызметшілерінің өкілдері мен міндеттерін анықтау бойынша ұсыныстар енгізеді;
2) Сектор қызметшілеріне көтермелеу, материалдық көмек көрсету және тәртіптік жаза салу мәселелері бойынша белгіленген заңнама тәртібінде ұсыныстар енгізеді;
3) Сектор мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен қарым-қатынаста болады;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілетті жүзеге асырады.


Сектор меңгерушісі

Нарханова Кульзия Зейнуловна 

Бас мамандар

Ләззат Жұматайқызы Кабдырова 

Мөлдір Серікқызы Игманова

Әдіскерлер

Гүлнар Азанбайқызы Кабулова

Айгүл Қабиоллақызы Балтабева

Жұмыс телефоны: 8/71837/51035, 69595

Электрондық пошта: aksu_gorono@mail.ru