• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

Әдістемелік кабинет

“Ақсу қаласының білім бөлімі” ММ 

Әдістемелік кабинетінің міндеттері

 

1.  Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және білім беру ұйымдары педагогикалық кадрларының қайта даярлау курстарынан өту мониторингін жүзеге асырады.

2. Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша оқу жоспарлары мен басқа да оқу-әдістемелік құжаттаманы уақытылы әзірлеуді қамтамасыз етеді.

3. Әдістемелік жұмыстың жағдайын талдайды және оның тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізеді.

4. Педагогтардың, басшылардың жұмыс істеу тәжірибесін, білім беру ұйымдарының тәжірибелік-экспериментальдық жұмыс нәтижелерін  зерделеуді, жалпылауды және таратуды ұйымдастырады.

5. Педагогикалық оқуларды, конкурстарды, байқауларды, слеттерді, олимпиадаларды, көрмелерді өткізу жөніндегі қажетті құжаттарды әзірлейді және өткізеді.

6. Мұғалімдер мен оқытушылардың курсаралық даярлығын қамтамасыз етеді.

7. Білім беру ұйымдарына консультативтік, әдістемелік, практикалық көмек көрсетеді.

8. Оқу үрдісіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу бойынша әдістемелік көмек көрсетеді және семинарлар ұйымдастырады.

9. Қала мен ауыл мектептеріндегі жас мамандармен жұмысты үйлестіреді, олардың сапалық құрамы бойынша есеп жүргізеді, оларға әдістемелік көмек көрсетеді.

10. Қажетті есеп берушілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

 

Әдістемелік кабинетінің меңгерушісі  

Мағрипа Оралқызы Айдарова

Әдіскерлер:

Балжамал Сағиденқызы Қонақбаева

Гүлнара Хамитқызы Шуахбаева

Жанат Нұрланұлы Сүлейменов

Нұргүл Серікқызы Кенжетаева

Мадина Жанболатқызы Темиргалиева

Асхат Берікұлы Егімбаев

 

Жұмыс телефоны: 8/71837/65941

Электрондық пошта:  metkab-aksu@mail.ru