• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

Кадр бөлімі

“Ақсу қаласының білім бөлімі” ММ

Кадр бөлімінің міндеттері


1. Білім беру мекемелерінің педагогикалық кадрларға қажеттілігін зерттейді, жұмыспен қамтуды қажет ететін педагог-мамандардың есебін жүргізеді, оларды білім беру мекемелерінің бос орындарына жіберу бойынша жұмысты жүргізеді.

2. Білім бөлімі қызметкерлерінің және білім беру мекемелер басшыларының жеке құрамының есебін жүргізеді. Кадрлар бойынша деректер қорын қалыптастырады.
3. Білім беру мекемелерінің қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік қызмет туралы” Заңының, “Сыбайластық жемқорлықпен қүресу туралы“ Заңының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің Этикалық кодексінің және өзге де нормативтік құжаттардың орындалуын жүзеге асырады.
4. Мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдардың директорларын аттестациясын өткізу бойынша жұмысты ұйымдастырады.
5. Мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
- педагог қызметкерлердің біліктілік санатын иеленуге (растауға) аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау бойынша;
- мектепке дейінгі, орта білім беретін және қосымша білім беретін мемлекеттік мекемелердің басшыларының бос лауазымдарына орналасуға конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау бойынша.
6. Жас мамандармен жұмысты үйлестіреді, білім беру мекемелеріне жас мамандарды орналастыру бойынша жұмыстарды жүргізеді.
7. Білім беру мекемелеріндегі іс жүргізуді бақылайды. Іс жүргізушілерге семинарларды өткізеді.
8. Жоғарыда тұрған органдарға, қалалық білім бөлімі Кеңестеріне, директорлар кеңестеріне басшылық ететін мәселелер жөнінде анықтамалар мен ақпараттарды дайындайды.
9. Бөлімінің әскери міндеттілердің есебін жүргізеді және ай сайын әскери міндеттілер бойынша есепті тапсырады.
10. Бөлім қызметкерлерінің еңбек өтілін есептеу бойынша комиссия жұмысын ұйымдастырады.
11. Мемлекеттік қызметкердің тиімділігін бағалау бойынша бағалау парағының есептемесін дайындау.
12. Ай сайын тәбіл есебін жүргізеді, демалыс кестелерін жасайды және орындайды.
13. Елтаңбалы бланкілерді есепке алады, сақтайды, береді және ай сайынғы есепті ұсынады.
14. Бөлімнің және оның құрылымдық бөлімшелерінің жиынтық іс номенклатурасын құрастырады.
15. Ақсу қаласы әкімдігіне, Павлодар облысының білім беру басқармасына педагогикалық қызметкерлерді наградтауға құжаттарды (қолдаухаттарды, награда парақтарын) және бөлім басшысының мұғалімдерді наградтау жөніндегі бұйрықтарын дайындайды.
16. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштердің есебін және тіркеуді жүргізеді, өтініштерді талдайды, олар бойынша есеп береді және құзыретіне сәйкес қарайды және оларға жауаптарды дайындайды.


Бас маман 

Айнагүл Жанабекқызы Жұмагелдинова

Жұмыс телефоны: 8/71837/ 49063

Электрондық пошта: aksu_gorono@mail.ru