12 наурызда Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларындағы мамандандырылған және ауылдық мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында Google-disk платформасында «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен І аймақтық гуманитарлық олимпиада өтті. Пәнаралық олимпиада Қазақстан тарихы мен қазақ әдебиеті туралы білімді жүйелеуге, мектеп бағдарламасына енбеген көркем шығармалармен таныстыруға бағытталған.
Олимпиаданың мақсаты:
- қоғамның рухани әлеуетінің көрсеткіші болып табылатын оқушылардың оқу мәдениетін дамыту;
- өз халқының тарихына және туған әдебиетіне танымдық қызығушылығын арттыру; оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыру үшін жағдай жасау.
8 сынып оқушылары арасында Достық ЖОББМ оқушысы Бойченко Максим 1 жүлделі орынға, Назымбекова Жадыра, Ақсу қ. №1 ЖОББМ оқушысы 3 орынға ие болды.
9 сынып оқушылары арасында мектеп-лицейдің 2 орын алған оқушысы Уздымбаева Мархабат жүлдегер атанды.
11 сынып оқушылары арасында Ақсу қаласының №2 ЖОББМ Берікбаева Аружан 3 орын алып, жүлдегер атанды.