• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153

2020 жылдың 14 ақпанында №2 ЖОББМ базасында «Жыл мұғалімі - 2020» байқауының қалалық кезеңі өтті.

2020 жылдың 14 ақпанында  №2 ЖОББМ базасында «Жыл мұғалімі - 2020» байқауының қалалық кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері: Шығармашылықпен жұмыс істейтін, жоғары кәсіби рейтингі бар дарынды мектеп мұғалімдерін анықтау, оқушылардың білімінің жоғары сапасын қамтамасыз ететін, тиімді педагогикалық технологияларды, оқыту мен тәрбиелеу әдістерін анықтау, жаңа ерекше педагогикалық идеяларды іздеу юолып табылады.

Байқауға қалалық және ауылдық мектептерінен 9 мұғалім қатысты. Қалалық кезеңнің қорытындысы бойынша келесі мұғалімдер жеңімпаз атанды:

-         Гран-при – Үштерек ауылының ОМ ағылшын тілінің мұғалімі  Байкен Серікжан

-         І орын – №2 ЖОББМ орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Аипова Дина Абылайханқызы

-         І орын – Қалкаман ОМ химия пәнінің мұғалімі Солтанхан Арыстанбек

-         ІІ орын –Жамбыл ОМ тарих пәнінің мұғалімі Нурумова Алия Бекжигитқызы

-         ІІІ орын – №4 ОМ математика пәнінің мұғалімі Лучевникова Татьяна Григорьевна

-         ІІІ орын -  Енбек ауылының ОМ бастауыш сынып мұғалімі – Тохтатхан Марта

Айнакөл ауылының ОМ бастауыш сынып мұғалімі Смагулова Дина Кабдрашевна «Жаңашыл мұғалім» номинациясына, Қ. Камзин ат. ОМ қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Калемшарав Назира «Шығармашыл мұғалім» номинациясына, М. Кабылбеков ат.ОМ бастауыш сынып мұғалімі  Каржаспаева Айгерим Серикпаевна «Зерттеуші - мұғалім» номинациясына ие болды.
С.Байкен Үштерек ОМ мұғалімі, Д.А. Аипова №2 ЖОББМ мұғалімі Солтанхан А. Қалқаман ОМ мұғалімдері қаланың атынан облыстық кезеңде өнер көрсетеді, сәттілік тілейміз.

18-02-2020