• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153

15 қазан күні Қ.Шүлембаев атындағы орта мектебінде Жас қырандықтар үшін «Дармарка» акциясы өтті.

    «Дармарка»- бұл тегін сыйлықтар жәрмеңкесі және заттарға екінші өмір беру. Бұл жәрмеңкенің принципі қарапайым: қатысушылар жақсы және қызықты заттарды әкеліп, өздеріне ұнаған заттарға ауыстырып алады. Әр қатысушы өзінде бар заттармен, кітаптармен, ойыншықтармен, киімдермен, дискілермен бөлісе алады. Және оның барлығы тегін! Мұндай заттармен ауысу заттарға екінші өмір беріп қоймай, қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді. 
    Балаларға акция өте ұнады, өздері осындай іс-шараға қатысқандарына өте қуанышты болды. Осындай «Дармаркалар» мектебімізде дәстүрлі түрде өтуін қолдаймыз. Біз заттармен ғана емес қуанышты көңіл күймен, жылы сөздермен бөлісуге дайынбыз.

19-10-2020