• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153

Спутник НМ оқушысы Ермаков Роман 2020 жылдың қаңтар айының 26-29 күндері Ақмола облысы, Щучинск қаласында өткізілген Зерде ғылыми жобалар мен шығармашылық жұмыстарының XV республикалық конкурсының 1-дәрежелі дипломына ие болды

«Ақсу қаласы Достық селолық округі Спутник станциясының негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 6 «Б» сынып оқушысы Ермаков Роман  Павлодар облысы, Ақсу ауданы атынан,  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым миннистрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен  2020  жылдың   қаңтар айының 26-29 күндері Ақмола облысы, Щучинск қаласында  өткізілген «1-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының «Зерде» XV республикалық конкурсының  1-дәрежелі дипломына ие болып, жүлдегер атанды.

Аталмыш конкурсқа Қазақстанның 14 облысының 400-ден астам оқушылар қатысып, өз жұмыстарын қорғап, сынға түсті. Бұл жетістікке жету, осындай нәтиже көрсету  Роман үшін  үлкен талпыныс пен қажырлықты талап етті.

5 сыныптан бастап Роман информатика пәніне деген қызығушылығын білдіре бастады. «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы» демекші 2019 жылдың қыркүйегінен бастап жетекшісі Роза Маратовна мен Роман «Scratch программасында электронды оқулық құру» атты  жобасы  бойынша тығыз жұмыс жасай бастады.

Қалалық байқаудан 1 орынға ие болды. Ақсу қаласының атын қорғау үшін 2019 жылдың  29 қарашасында Павлодар қаласында өткен облыстық кезеңге барып, 1 орын иеленді. Жетекшісі информатика пәнінің мұғалімі Скакова Роза Маратқызының  да қажырлы еңбегі, ізденіс жұмысының нәтижесі деп білеміз.

Мұндай байқаулар оқушылар мен ұстаздарды шындап, үлкен белестерді бағындыруға, өзінің еңбегінің жемісін көруге мүмкіндік береді.

Осындай саналы да, білімді шәкірттеріміз көп болсын! 

29-01-2020